Qyzylorda Телеарнасы | ||
Qyzylorda Телеарнасы
1991 жылдың 30 сәуірінде Қызылорда облыстық телеарнасы ашылды. Дәл осы күні 30 минуттық хабар эфирге шықты.
1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік шеруден 45 минуттық тікелей репортаж көрерменге ұсынылды. Телеарнаның ашылуына облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, КСРО радиосының құрметті қызметкері Жақсылық Бекқожаев пен Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар мұрындық болды. Телеарнаның алғашқы режиссері қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш дикторы Айгүл Оразова еді;
Техникалық қалыптасу кезеңінің қиындықтарына қарамастан телеарна журналистері үлкен ізденісте еңбек етті. «Жүздесу», «Көкейкесті», «Темірқазық» хабарлары арқылы көрермен көзайымына айналды. Сыр елін ұлттық өнердің қайнар көзі ретінде кеңінен насихаттады.