Kókshe Телеарнасы | ||
Kókshe Телеарнасы
«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. 1999 жылдың 4 қазанында алғашқы эфир жарыққа шықты. Тәулігіне 15 сағат хабар таратады. Мемлекеттік тілде - 70 пайыз. Өзіміздің төл туындымыз - 50 пайыз, олардың ішінде жаңалықтар - 23 пайыз, хабарлар - 27 пайыз, кино өнімдері - 47 пайыз және жарнама - 3 пайыз.