Altaı Телеарнасы | ||
Altaı Телеарнасы
«Қазақстан» РТРК ШҚО филиалы, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы Кенді Алтай халқының тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы турасында нақты ақпарат таратып, мемлекеттік даму бағдарламасының сындарлы саясатын қолдауда. Табалдырықты табандылықпен аттаған әрбір жаңа қызметкер әкелетін тың идеялардың арқасында арна эфиріндегі бағдарламалардың сапасы көркемдік стилі жағынан ілгерілеу үстінде. Телеарнада эфирді безендірудің графикалық дизайны артты. Ақпараттық хабарлар заманауи технологиялар арқылы өңірдің кез-келген жерінен жеткізіледі. Тақырыптық бағдарламалар мен хабарларды әзірлеуде авторлық көзқарас пен өзіндік ізденіс - басты талап. Тақырыптық хабарлар, авторлық бағдарламаларда әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық, мәдени және спорттық сауықтыру секілді мәселелер жан-жақты қамтылады. Хабарлар ақпараттық , танымдық, көңіл-көтеру, сауықтыру т.б. бағыттарды қамтиды.